АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде дәстүрлі түрде өткізілетін «Үздік педагог – 2021» байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқаудың басты мақсаты – педагог мамандығының мәртебесін арттыру және кәсіби қызметінде жоғары жетістіктерге ие шығармашыл педагогтерді марапаттау. Байқау ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес жүргізілді.
«Үздік педагог» байқауының І кезеңі онлайн түрде өткізілді. Әрбір қатысушының эссе, портфолио және бейнесабақтары жабық отырыста қаралып, талқыланды. ІІ кезеңі, яғни өзін-өзі таныстыру және шығармашылық зертхана ретінде өз жобасын ұсыну кезеңдері дәстүрлі түрде қорғалды. Колледжішілік «Үздік педагог–2021» байқауының жеңімпаздығынан үміткерлер ретінде 6 оқытушы өзара бақ сынасты. Нәтижесінде, музыка пәнінің оқытушысы Заманбекова Әлия Заманбекқызы «Үздік педагог – 2021» байқауының жеңімпазы атанды. І орынды информатика пәнінің оқытушысы Утебаева Дәмелі Зайроллақызы, ІІ орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Әбиева Камила Қойшыбайқызы, ІІІ орынды ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Сабырова Әсем Бикешқызы иеленді.
Техникалық және кәсіптік білім беретін колледж ұстаздары арасында өткізілетін «Үздік педагог – 2021» байқауының облыстық кезеңінде колледжімізден үздік деп танылған музыка пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Заманбекова Әлия Заманбекқызы қатысып, өз шеберлігін ортаға салатын болады.