Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні Көкшетау қаласындағы «Алтын бала» балабақшасында құзіреттілік орталығы қатысушыларына арналған STEM технологиясының «Математика» білім беру модулі бойынша семинар өтті. Іс-шараға «Жұлдыз» балабақшасы, № 22 Мектеп жанындағы шағын орталықтың жас мамандары және балабақша тәрбиешілері қатысты. Семинар барасында дәстүрден тыс математика, Нумикон жиынтығы, Фребель сыйлары, Дьенеш блоктары, Тышқан алгоритмикасы және Интерактивті еденді қолданудың әдістемелік ерекшеліктері көрсетіліп, балабақша тәрбиешілері өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.
Сонымен қатар семинарға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Монтессори технологиясы» элективті курсының жетекшісі Әмірова Сағира Абзалқызы – М.Монтессоридің матаматика аймағының бірінші, үшінші материалдар тобы: «Сандар мен чипсалар», «Мектепке дейінгі» бөлімі МД-42ҚБ тобының студенті Өнербек Назерке – «Ұршықтары бар қораптар», МД-31 тобының студенті Бекпаева Милана Берікқызы «1,2 Сеген тақталары» жаттығуларымен таныстырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар өз ой пікірлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Осындай тәжірибелік бағыттағы семинарлар болашақта да жалғасын тауып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңашылдық енгізуге септігін тигізетіні сөзсіз.