2025 жылдың 28 наурыз күні Қарағанды қаласында колледж студенттері арасында өткен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлының 75 жылдық мерейтойына арналған өңірлік СЕРІК АҚСҰҢҚАРҰЛЫ оқуларына Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері қатысты. Нәтижесінде «Аруы адамзаттың – өлең деген!» бағыты бойынша «Филология» бөлімінің ІІІ курс студенті Маратбек Азамат 21 кіл мықтының арасынан оза шауып, жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі: Серкешбаева Гүлжанат Нұрмағанбетқызы. Ал «Мен – Һас сақтың қара өлеңі!» бағыты бойынша «Филология» бөлімінің ІV курс студенті Мұратбек Фархат жүлделі ІІІ орынды еншіледі. Жетекшісі: Жәнібек Бердімұратұлы. Сонымен қатар «Жүрекке жақын әндер!» бағыты бойынша «Музыка» бөлімінің ІІ курс студенті Абдулла Ерқанат жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Абдрахманова Салтанат Таубайқызы. Құттықтаймыз! Бағындырар белестеріңіз биік болсын!