17.04.2021
2021 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасының ғылым қызметкерлерінің күніне орай Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Филология ғылымы: инновация, философия және саяси-әлеуметтік мәселелер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Филология бөлімінің студенттері арасында өткізілген колледжішілік конференцияға 24 ғылыми-зерттеу мақаласы қабылданып, қорғауға ұсынылды. Нәтижесінде үздік зерттеу жұмыстары анықталып, жүлдері орындар тағайындалды. Аталған игі іс-шара студенттердің ғылым көкжиегіне тереңдей түсіп, ғылыми ізденістерін әрі қарай дамытуына үлкен бастама болады деген сенімдеміз.
Колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты - болашақ филолог-мамандардың әдебиет және тіл саласына қатысты ғылыми зерттеулерін, өзекті мәселелер бойынша пайымды тұжырымдарын, тың ойларын негізге ала отырып ғылымға баулу және оқыту, білім беру процесіннің ғылыммен сабақтастықта жүргізілетінін ұғындыру.