17.04.2021
Ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған апталық аясында 2021 жылдың 16 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Лингвистика, педагогика және шет тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері» атты I республикалық студенттік ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтті. Мақсаты: лингвистика, педагогика, әдістеме, жаңа технологиялар тұрғысынан шет тілдерін оқыту саласында ғылыми мәселелерді талқылау, білім алушылардың бәсекеге қабілеттігінің деңгейін арттыруға үлес қосу.
Республикалық конференцияға жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері және 10,11-сынып оқушылары қатысты.
Конференцияда төмендегі секциялық тақырыптар бойынша жұмыс жүргізілді: Шетел тілін оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар; Теориялық және қолданбалы лингвистика; Тілдік қарым-қатынаста мәдениеттер диалогы.
Қатысушылар секциялар тақырыптарына байланысты ғылыми-зерттеушілік жұмыс жүргізіп, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баяндама оқыды. Секциялық топтар жұмысында баяндамалар тыңдалып, белсенді талқылау жүргізілді. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар жасалды. Барлық қатысушылар мен ғылыми жетекшілерге конференцияға қатысу сертификаттары берілді.
Конференция жұмысына секция модераторлары ретінде белсене қатысқандары үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Кабдушева Алия Жұмаділқызына, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Бірлестік орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тұрысбекова Сания Кенжебаевнаға, Ақмола облысы Білім басқармасы жанындағы "Bolashaq Saraiy" ШЖҚ МКК басшысының ғылыми-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары Аубакиров Аят Сабитұлына алғысымызды білдіреміз!