Бурабай баурайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың ІV отырысы өтуде. Ұлттық Құрылтайдың басты мақсаты – қоғамдық консолидацияны одан әрі дамыту үшін идеялар мен қадамдарды тұжырымдау. Отырыс аясында төрт секция өтеді: 1) Адамзаттық қоғам; 2) Мәдениет. Өнер. Рухани; 3) Білім және ғылым; 4) Әлеуметтік-экономикалық даму. Ұлттық құрылтайдың ерекшелігі – әр өңірден, әртүрлі саладан жиналған құрамы. Онда ғылым, білім, медицина, мәдениет, спорт саласының мамандары, бұқаралық ақпарат құралдары саласының өкілдері, еңбек және құқық қорғау саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, сондай-ақ қоғам белсенділері мен жастар қозғалысының жетекшілері бар. Бұл халық демократиясы мен жасампаз плюрализмнің үлгісі ретінде қоғамның кең ауқымды пікірі мен мүддесін ескеруге мүмкіндік береді. Ұлттық құрылтайға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Педагогикалық Ғылымдар академиясының және Ұлттық құндылықтар академиясының академигі, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы қатысуда.