АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«БОЛАШАҚ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ МЕН МАНСАПТЫҚ ДАМУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОНЛАЙН СҰХБАТ

14.03.2025

2025 жылдың 11 наурыз күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Шетел тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тіл – мәдениеттің айнасы» апталығы аясында «Болашақ» тағылымдамасы: халықаралық білім мен мансаптық даму» тақырыбындағы онлайн сұхбат ұйымдастырылды. Бұл кездесудің мақсаты – студенттерді халықаралық білім бағдарламалары туралы ақпараттандыру, Балжан Ордабаевнаның тәжірибесімен бөлісу және студенттерге шабыт беру. Сұхбаттың арнайы қонағы ретінде «Ағылшын» бөлімінің 2009 жылғы түлегі, Ш. Уәлиханов атындағы университеттің оқытушысы Бектемирова Балжан Ордабаевна шақырылды. Ол «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» тағылымдамасы аясында Америка Құрама Штаттарындағы Penn State университетінде алған тәжірибесімен бөлісті. Ашық сұхбат алаңына колледж директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы, «Шетел тілі» кафедрасының оқытушылары мен ІV курс студенттері қатысып, кәсіби және ғылыми сұрақтарға жауап алды.

Просмотров: 763


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст