15.04.2021
Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде республика көлемінде өтіп жатқан «AntiParaCraft-2021» студенттік квест ойындарының ашылу салтанаты өтті. Бұл квест-ойын студенттер арасында парасаттылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Квест Ақмола облысының «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығының қолдауымен және «Саналы ұрпақ» студенттік ерікті клубы студенттерінің жәрдемімен іске асты. Квесттің арнайы қонағы болып келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Тайтенова Самира Өмірбаевна студенттерге алдағы ойында сәттілік тілеп, жастардың нағыз саналы ұрпақ болатындарына сенімін білдірді.
Квесттің алғашқы кезеңінде І курс студенттерінен құралған «Жемқор болма», «Парасыз болашақ», «Әділет қалашығы», «Адал ұрпақ», «Болашақ», «STOP corruption», «Саналы ұрпақ» топтары өздерінің топ мүшелерімен және ұрандарымен таныстырды. Екінші кезеңде топ басшылары капитандар сайысында бақ сынап, сыбайлас жемқорлыққа қатысты көзқарастарын білдірді. Квесттің қорытынды бөлігі сәуірдің 20-сы күні өтеді. Жеңімпаз топ арнайы ауыспалы «Адалдық» кубогымен марапатталады.