04.03.2025
2025 жылдың 26-28 ақпан күндері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша республикалық «КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК-2025» байқауында арнайы пәндер бойынша І орынды «Музыка» кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі, педагог-зерттеуші, директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы иеленді. Кәсіби шеберлік байқауына республика колледждерінен 18 педагог қатысты. Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!