2025 жылдың 25 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Филология» бөлімінің IV курс студенті Абай Аяжан Аянқызы дипломалды тәжірибе барысында Ақмола өңіріндегі Зеренді ауданына қарасты Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушыларына қазақ әдебиеті пәнінен «Қасым Қайсенов. «Жау тылындағы бала» повесінен үзінді» тақырыбындағы сабағын өткізді. Сабақ барысында студент «Әріптерді сөйлету», «Асық», «Шындық/жалған», «Алфавит» сынды әдістер арқылы тапсырмалар орындатып, «Wordwall» платформасының көмегімен өтілген материалды бекіту жұмыстарын жүргізді. «Пошта» әдісі арқылы кері байланыс жасалып, оқушылар түрлі-түсті жетондар арқылы бағаланды. Сабақтың құрылымы өте жүйелі ұйымдастырылып, оқушылармен педагогикалық байланыс орнатылды. Машықтанушы-студент колледжде алған теориялық білімін практика барысында ұтымды қолданып, өзін нағыз кәсіби маман ретінде байқатты.
Сабаққа колледж директорының практика жұмысы жөніндегі орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы, филология бөлімінің меңгерушісі Рахым Арайлым Қайыргелдіқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Рахимова Айсұлу Сенбіқызы және мектеп әдіскері ретінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Муталапова Қымбат Орынбайқызы қатысып, оң бағаларын берді.