19.02.2025
2025 жылдың 13-14 ақпан күндері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша облыстық «КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК-2025» байқауы өтті. Кәсіби шеберлік байқауы 3 модульден тұрды: І модуль – «Мен және қоғам»; ІІ модуль – «Әдістемелік жоба»; ІІІ модуль «Мультимедиалық технологиялар». Байқау қорытындысына сәйкес арнайы пәндер бойынша І орынды Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Музыка» кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі, педагог-зерттеуші, директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы, ІІ орынды «Әлеуметтік-жаратылыстану пәндері» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Сарша Жанар Саршақызы иеленді. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Педагогикалық қызметтегі еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!