Текст
Тұғыры биік Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Республикалық әйелдер еркін күресі додасында топ жарып, қазақ қызының намысын қорғап, боз кілемді бағындырған жеңімпаз студентіміздің жетістігі еліміздегі спорттың дамуына үлес болып қосылуда. Жуырда Павлодар қаласында өткен Қазақстан Республикасының V Жастар спорт ойындарында әйелдер күресінен 62 келі салмақ дәрежесінде жүлделі І орынға ие болып, Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын алған Дене мәдениеті бөлімінің студенті Болд Жангүлге колледж директоры Ахат Нұртас Ахатұлы тарапынан Құрмет грамотасы табыс етілді. Қазақтың өрен қызының дара талантымен оқшауланып, биік белестерді бағындыруда айрықша қолдау көрсете білген ата-анасына Алғыс жарияланды.