Текст
2025 жылдың 14 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі педагогика және логопедия» кафедрасының «Білімге бастар алғашқы баспалдақ» атты апталығы аясында «Менің туған өлкем» тақырыбында дәстүрден тыс сурет салу және оригами жасау байқауы өтті. Мақсаты: эстетикалық талғамды қалыптастыру және қол икемділігігін дамыту. Байқауға топ студенттері белсенді қатысты. Байқау нәтижесі жабылу рәсімінде марапатталады. Ұйымдастырушылар: арнайы пәндер оқытушылары Бегалин Болат Жанайдарұлы, Әміржанова Гүлмира Қайыржанқызы.