АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН 110 ЖЫЛ»

14.02.2025

2025 жылдың 13 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде жазушы Ілияс Есенберлиннің шығармашылығын насихаттау, жас буынның қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениеті мен тарихына деген ықыласын арттыру мақсатында І курс студенттері арасында «Қаһар» романы негізінде танымдық сағат өтті. Ілияс Есенберлин шығармаларының ішінде «Қаһар» романы ерекше орын алады. Биыл жазушының 110 жылдық мерейтойына орай «Қаһар» романын студенттер арасында насихаттау аса маңызды, себебі бұл шығарма халқымыздың тарихын тереңірек түсінуге, патриоттық рухты нығайтуға және ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға ықпал етеді. «Қаһар» романы – қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы күресін бейнелейтін шығармалардың бірі. Студенттер бұл шығарманы оқу арқылы елінің өткенін жақсырақ түсініп, тарихтың тағылымын бойына сіңіреді. Іс-шараға «Филология», «Информатика», «Ағылшын» және «Мектепке дейінгі» бөлімінің студенттері қатысты. Танымдық сағат барысында студенттер «Қаһар» романының «Есенгелді мен Саржан», «Кенесары», «Наурызбай», «Қоңырқұлжа», «Сыздық», «Хандықты аңсау», «Бекіністі алу», «Кенесарының түсі» бөлімдерін толық талдап, өзара пірік алмасты. Кейіпкерлердің образын ашу мақсатында топшаларға бөліне отырып «Кластер», «Фишбоун», «Блум таксаномиясы» әдістері арқылы қорытынды жасады.

Просмотров: 427


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст