2025 жылдың 12 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Информатика» бөлімнің IV курс студенті Сәрсенбі Бақытжан дипломалды кәсіптік практикасы барысында Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында информатика пәнінен 7 сынып оқушыларына арналған «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау» тақырыбында сабақ өткізді. Негізгі мақсаты – Python программалау тіліндегі күрделі шарттарды қолдану және есеп шығаруда тиімді пайдалану. Студент оқушылардың бойына «Шығармашыл бала – ойлы бала» құндылығын сіңіре білді. Сабақ барысында «Python» бағдарламасы, «Ой қозғау», «Балық аулау» әдістері ұтымды іске асырылды. Сонымен қатар программалауды меңгеруде деңгейлік тапсырмалар қолданылды.