Мамандық – белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметі. Болашақта сұранысқа ие мамандықтарды іздеу мектеп қабырғасында жүргенде басталуы керек. Осы орайда, балалардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескере отырып, кәсіптік бағдар беру жұмысының рөлі зор. Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің кешенді білім беру бағдарламасына сәйкес, кәсіби бағдар беру жұмысын жүзеге асыру мақсатында директордың практика жұмысы жөніндегі орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы, Филология бөлімінің меңгерушісі Рахым Арайлым Қайыргелдіқызы, Тіл және әдебиет кафедрасының арнайы пән оқытушысы Рахимова Айсұлу Сенбіқызы Ақмола өңіріндегі Зеренді ауданына қарасты Кенесары ауылының Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне барып, 9-11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар берді. Мектеп оқушыларына колледжде меңгерілетін мамандықтар мен олардың ерекшеліктері, оқу орнының материалдық-техникалық базасы, педагогикалық құрамы туралы толық ақпарат берілді. Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі ұсынылып, құжат тапсыру шарттары түсіндірілді. Болашақ талапкерлерді толғандырып жүрген сұрақтарына жауап беріліп, қызығушылықтары қанағаттандырылды.