АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

06.02.2025

2025 жылдың 3 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Педагогика және психология кафедрасы апталығының ашылу салтанаты өтті.
3-7 ақпан күндері аралығында өтетін «Цифрлық білім беру платформасын әзірлеу және қолдану» тақырыбындағы апталықтың негізгі мақсаты – «Бастауыш мектеп» бөлімі студенттерінің заманауи цифрлық құралдарды меңгеруін жетілдіру, WorldSkills талаптарына сәйкес инновациялық технологияларды оқу үдерісінде тиімді пайдалану, сонымен қатар бөлім студенттерінің арасында байланысты нығайту, ынтымақтастықты арттыру.
Колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы ашылу салтанатында іс-шараның маңыздылығын алға тартты. Салтанатта студенттер «Бастауыш – білім негізі» атты көріністі көрсетіп, мамандықтың қыр-сырын қойылым арқылы сомдай білсе, кафедра оқытушылары «Жас түлек» әнін орындады.
Апталықтың ашылуы ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоспары мен мақсат-міндеттерін таныстырумен аяқталды.
Апталықта сәттілік тілейміз!!!

 

Просмотров: 260


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст