2025 жылдың 22 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №2 ғылыми-әдіснамалық және инновациялық кеңес өтті. Күн тәртібінде І жартыжылдықта атқарылған ғылыми-әдістемелік жұмыстардың есебі, оқу құралдарының құжаттамалық жабдықталуы мен дайындық деңгейі және «Оқуға құштар колледж» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесі қарастырылды. Колледж директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы педагогтің қабілет-қарымына байланысты конкурстарға қатысуы, біліктілікті жетілдіру курстары, жас мамандарға арналған тәлімгерлік жобалар, студенттер жетістігі және түрлі деңгейдегі конференциялар мен семинарлар бағыттарының рейтингісімен таныстырды. «Бала тілін дамыту әдістемесі», «Хор және хорды басқару» және «Рабочая тетрадь по русскому языку и литературе» оқу құралдарының құжаттамалық жабдықталуы мен дайындық деңгейі жүйеленіп, «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыруда кітапханашы – студент – топ жетекшісі үштігінің бірлескен қызметінің тетіктері нақтыланды.