АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласына сай Наурыз мейрамын 10 күн тойлау тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында 2021 жылдың 18 наурызында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Музыка бөлімінің оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен «Наурыз – думан» атты мерекелік концерті өткізілді.
Мерекелік кештің алғашқы құттықтау сөзін директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы сөйлеп, колледж ұжымы мен студенттерін Наурыз мейрамымен құттықтады.
Концерт барысында қазағымыздың Наурыз мерекесін тойлаудың сән-салтанаты көрініс арқылы сахналанды. Мерекелік іс-шара барысында Музыка бөлімі оқытушыларының және студенттерінің өнерлері ортаға салынып, көрермендерге қазақтың көне дәстүрлерінен сахналық қойылымдар көрсетілді.