17.03.2021
Әз-Наурыз – жаңару мерекесі. Бұл мейраммен табиғат жаңғырып, жаңа бір жылды, сонымен қатар қазақ халқының сан ғасырдан қаймағы бұзылмай келе жатқан дәстүрлерін де ала келеді. Колледжімізде болашақ педагогтардың ұлттық шығармашылық бағыттарын шыңдау барысында жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесі де осы мейрам қарсаңында көрермен қауымға ұсынылды. 15-18 наурыз аралығында «ALTYN OIMAQ» қолөнер үйірмесінің жетекшісі Г.Әміржанованың ұйымдастыруымен «Наурыз – жаңарудың мерекесі» атты көрмесіне ұлттық құндылықтарымызды танытатын, оның заман ағымында қалып қоймай заманауи көзқараспен түрленген, қоғамға дайын өнім күйінде ұсынуға болатын туындылары қойылды.
Халықтық өнерді насихаттау, рухани құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, өскелең ұрпаққа жеткізу – міндет. Сондықтан үйірме мүшелері мен жас шеберлер жиналып, көпшілікті төл өнерімізбен таныстырып, жастардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын ояту мақсатында тақырыптық көрме ұйымдастырды.