16.03.2021
Салауатты өмір салтын ұстанудың бүгінгі қоғамда маңызы ерекше. Сапалы тамақтану, денсаулығын күту, бос уақытты тиімді пайдалану, жеке бас гигиенасын сақтау, спортпен шұғылдану, дұрыс ұйқы – салауатты өмір сүрудің бұлжымас қағидалары. Колледждің медицина қызметкерлері мен жатақхана тәрбиешілерінің, колледж әкімшілігінің алдында тұрған көптеген мәселелердің ішінде студенттердің өз денсаулығын сақтауға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру ерекше маңызға ие. Осыған орай колледжімізде жатақхана тәрбиешілерінің және медицина қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласында өзекті болып табылатын ауқымды мәселелер жайлы ойлар ортаға салынып, қызу талқыланды. Тақырыптық ойындар ұйымдастырылып, студенттер өздеріне бірқатар пайдалы ақпараттар алды.