15.03.2021
2021 жылдың 12 наурыз күні Көкшетау қаласындағы физика -математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі тәжірибе алмасу мақсатындағы бірлескен онлайн семинары өтті.
«Музыка пәні бойынша жаңартылған білім беру мазмұны мен критериалды бағалау» тақырыбындағы онлайн кездесуге Музыка бөлімінің оқытушылары мен 2,3,4- курс студенттері қатысты. Семинарда «Музыка пәні бойынша бастауыш сынып және негізгі мектепке арналған оқу бағдарламасының ерекшеліктері», «Музыка мен көркем еңбек пәндерінің байланысы мен кіріктірілген білімнің маңызы» және «Оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін қолданылатын ресурстар» атты өте маңызды және қызықты тақырыптар ұсынылды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің музыка пәнінің оқытушылары студенттерге әр түрлі қызықты тапсырмалар бере отырып, семинар тақырыптарының мазмұнын толық аша білді.
Бұл семинар – дәстүрлі түрде өтетін іс-шаралардың бірі. Жыл сайын колледж студенттері тәжірибе алмасу семинарларына белсенді қатысып келеді. Назарбаев Зияткерлік мектебінің музыка пәнінің оқытушылары Магавин Азамат Батырханұлына, Магавина Гүлбану Ғұмырзаққызына және көркем еңбек пәнінің оқытушысы Шойынбекова Лайля Нұрланқызына алғысымызды білдіреміз.