АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

27.12.2024

2024 жылдың 23-25 желтоқсан күндері аралығында Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру және алғашқы әскери технологиялық дайындық орталығының ұйымдастыруымен өткен өңірдің орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының алғашқы әскери және технологиялық дайындық педагогтері мен оқытушы-ұйымдастырушылары арасындағы «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің үздік педагогы – 2024» облыстық кәсіби шеберлік байқауында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің алғашқы әскери дайындық  пәні оқытушысы, педагог-сарапшы, «Айбын» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Қалиев Қуаныш Ахметұлы жүлделі ІІ орынды иеленді. Негізгі мақсат – әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту, алғашқы әскери және технологиялық дайындық педагогтері мен оқытушы-ұйымдастырушылары беделі мен имиджін арттыру, кәсіби шеберліктің озық тәжірибесін тарату, білім алушылардың білімі мен дағдыларының жоғары сапасын қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін енгізу және кәсіби шеберлігін жетілдіру. Облыстық байқау «Тест тапсырмаларын шешу», «Бейнеролик байқауы», «Пневматикалық винтовкадан ату», «АК-74 толық емес бөлшектеу және жинақтау», «Оқжатарды жарақтандыру бойынша №15 нормативті орындау» және №3б нормативін орындау «Жалпы әскери қорғаныс жинағын комбинезон ретінде кию» атты кезеңдерден тұрды. Кәсіби-педагогикалық шеберлік, құзыреттілік, практикалық дағдыларды пысықтау жүйесі және білімді тиімді пайдалана білуі арқылы 31 білікті оқытушы қатысқан додадан  педагог-сарапшы Қалиев Қуаныш Ахметұлын жүлделі орынды иеленуімен құттықтаймыз! Кәсіби кеңістігіңіз жетіле берсін!

Просмотров: 1037


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст