11.03.2021
Жаһандану жағдайында жаңа құндылықтар жүйесіне бейімделген, болашаққа жаңа көзқарасы бар, ұлттық рухани мұраны жалғастыра алатын, әлеуметтік өмірге ілесе білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру – білім беру ұйымдарының алдында тұрған негізгі мақсат. Осыған орай Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Информатика бөлімінің студенттері ғылыми-практикалық конференцияларға үздіксіз қатысып келеді. Ағымдағы жылдың ақпан айында Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «ХХ ғасыр жастары – ғылым, білім, шығармашылық» тақырыбында онлайн режимде облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, өз зерттеу мақалаларын ұсынды. Үш бағытта жүргізілген секция жұмыстарында өз зерттеу жұмыстарымен Аманжолқызы Жанна, Жұмабек Жансая, Көперхан Анаргүл, Жомарт Нұрсәуле қатысып, сертификаттармен марапатталды. «Білім беру жүйесіне цифрлік технологияларды енгізудің маңыздылығы» секциясы бойынша И-31 тобының студенті Жомарт Нұрсәуленің мазмұнды жұмысы ең үздік баяндама ретінде бағаланды.