11.03.2021
2021 жылдың ақпан айында М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған «Тәуелсіз елім, көрікті жерім» атты сурет конкурсы өтті. Аталған байқауда Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Информатика бөлімінің студенттері Нугуманова Альмира, Хамбарқызы Ақмарал, Жамалхан Нұрислам өз шеберліктерін сынады. Информатика пәнінің оқытушысы Меңдібаева Айжанар Нұрланқызы жетекшілігімен қатысқан студенттер байқауға анықталған тақырып төңірегінде ақпарат мазмұны, идеяның фантазиясы мен өзіндік орындалу ерекшелігі бар жұмыстарын ұсынды. Ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен марапатталды.