АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Тіл дегеніміз - ұлттық болмыс, ұлттық рух. Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әрбір азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиіс. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып отыруы керек. Себебі қазір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдердің қатары күн сайын өсуде.
Тіл –халықтың жаны. Тіл –қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Міне осы орайда ана тіліміз жайлы ойлану әрқайсымыз үшін парыз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі-тіл, бірі- ділің жүректегі»-деп, Ж.Баласұғын айтқандай, алдымен өзін қазақпын деп санайтындар ғана емес, Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік тіл – қазақ тілін өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.
Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Өз тілімізді сүйе отырып, оған үлкен құрмет білдірейік!
Сапар Мұхит Ерланұлы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарықазақ педагогикалық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы