05.03.2021
Қазақ тілі – қоғамдық қарым-қатынас құралы. Біз Қазақстанда туып-өсіп, білім алудамыз. Еліміздің болашағы да біз, жастармыз.
Менің ұлтым – беларус. Мен Көкшетау қаласындағы Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің 3-курс студентімін. Филология бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығында оқимын. Аталған мамандықты саналы түрде таңдадым. Қазақ тілінде еркін сөйлеп қана қоймай, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы болу – өміріме азық болар мамандық деп есептедім. Өзімнің айналамдағы адамдарға бір пайдам тисін деген оймен осы мамандыққа келдім. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың жуырда жарияланған үндеуіндегі балалардың қазақ тіліндегі мектептерде білім алуы керек деген пікіріне толықтай қосыламын. Біз біртіндеп болса да, қазақша еркін сөйлеп, еркін қарым-қатынас жасайтын қоғамға айналуымыз қажет.
Матчена Анастасия,
Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің 3-курс студенті