05.03.2021
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі жыл сайынғы дәстүрі бойынша 8 наурыз мерекесін сән-салтанатпен қарсы алды.
Арнайы безендірілген салтанат залында колледждің ер-азаматтары, өнерпаз жастары тарапынан мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Негізгі мерекелік салтанатты құттықтау сөзбен ашқан колледж директоры Нұртас Ахатұлы болашақ білікті мамандар даярлауда, білім мен ғылымды өркендету жолында аянбай еңбек етіп жүрген әйел ұстаз-ғалымдарға жүрекжарды ақ тілегін жолдады.
Қоғамдық жұмысқа белсене қатысып, білім беру саласында еткен еңбегі үшін оқытушылар, жас мамандар колледж директорының Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Марапаттау рәсімі мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы және тікелей қатысып отырған оқытушыларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйланды.