АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«AR-NAMYS» саяси интеллектуалдық клубы

05.03.2021
2021 жылдың 4 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «AR-NAMYS» саяси интеллектуалдық клубының жаңа мүшелерін қабылдау салтанаты өтті. Колледж директоры Нұртас Ахатұлының бастамасымен құрылған клуб зерек, ұлтжанды, замануи, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жастарды тәрбилеуде маңызды рөл атқарады. Қабылдау салтанатында клуб жетекшісі Шайхыгалиев Ербол Аманжолұлы мен клуб президенті Идрисов Алмас жаңа мүшелерге «AR-NAMYS» деген жазуы бар арнайы төсбелгі мен клуб мүшесінің төлқұжатын салтанатты түрде табыс етті.
«AR» ұғымы – адам бойындағы жақсы қасиеттердің өлшемі, адамгершілік санасын білдіреді. «NAMYS» адамның жан-дүниесі мен туған Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамның мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Клубымыздың жаңа мүшелері ар-намысы жоғары, елінің абыройлы азаматтары болатынына сенімдіміз!
Просмотров: 279


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст