АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

АНА ТІЛІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛСЫН!

04.03.2021
02 наурыз күнгі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың «Балалар Мемлекеттік тілде білім алу керек» атты сұхбатына ПІКІР:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов өзінің сұхбатында жақсы жаңалықтарымен бөлісті. Ең негізгісі – Қазақстандағы барлық оқушылар Мемлекеттік тілде білім алу қажеттілігіне тоқталды. Ол – білім беру саласы.
Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, өз тілімізде сөйлеу – басты міндетіміз. Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра.
Қай мемлекетте, қай қоғамда болмасын, білім беру – қоғам дамуындағы бәсекелестікке қабілеттіліктің басты көрсеткіші. Баланың мектепте алатын білімі оның өмір сүру деңгейіне, ортаға бейімделе білуіне әсер етеді. Ата-аналарды балаларын мемлекеттік тілде оқытатын мектептерге беруге шақыруына назар аударылуы қуантады. Ана тілін құрметтеу әрбір қазақ шаңырағы өз отбасынан бастау керек. Қазіргі таңда елімізде қазақ сыныптарында оқитын балалар саны азайды. Әрбір отбасында тілге деген қамқорлығымыз болса, ана тіліміздің тұғыры биікке көтерілуіне сенімдімін. Бастауыш сыныптарда оқытылатын ағылшын тілі, орыс тілі – өз ана тіліміздің сапалы, сауатты игеруіліне кедергі келтіретіні белгілі. Сондықтан бастауышта берілетін білім мемлекеттік тілде берілгені дұрыс. Өте дұрыс бастама, балаларымыздың өз ана тілін дұрыс, терең меңгермейінше, біз – Тәуелсіз қазақ елі болып қалыптаса алмаймыз.
«Біз үшін маңызды міндеттердің бірі мемлекеттік тілде оқытуды басым ету. Мұнда ешқандай пікірталас болмауы керек, өйткені ол Мемлекеттік тіл, сондықтан біздің еліміздің азаматтары мемлекеттік тілде оқытылуы керек», – деді Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов өзінің сұхбатында.
Бұл – қазіргі кезеңде білім саласына үлкен қамқорлық және қолдау. Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың бүгінгі сұхбатынан ынтымақтың арқасында аталған міндеттемелерді жүзеге асыруда колледж оқытушылары өз үлестерін қосып келеді. Мектепте берілетін білім сапасы, алдымен, білім беру стандартына, оқу бағдарламасына және оқулықтарға тікелей байланысты екендігі белгілі. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымның даярлық тобы мен бастауыш білім мазмұны стандарттары арасында сабақтастықтың орын алуы шарт. Оқыту жүйесінің әдіс-тәсілдерін білім стандарттарына, оқу бағдарламаларына өзгеріс енгізу – басты міндетіміз. Болашақта осы міндеттерді жүзеге асыруда тиімді жақтарын жетілдіру қажетпіз.
Алаш кемеңгері, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып, іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады» деген өте маңызды ой айтқан екен. Сондықтан, біз болашағымызды, Ұлтымыздың келешегін ойласақ, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеп, ғасыр талабына сай білім беру жолында қателеспеу жағын ойластырайық. Тіліміз бен діліміздің өркендеуіне, қазақ тілінде сөйлеуді насихаттауға өзіндік үлес қосайық! Біз, педагогикалық ұжым, Қазақстанның жарқын болашағына сенім артып, болашақ мамандарды сапалы даярлау мақсатында еңбегіміз одан әрі жалғасын таба бермек.
Мұқышева Қаракөз Серікқызы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, директордың практика жұмысы бойынша орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі
Просмотров: 224


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст