АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ТІЛ БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ ӘДІСТЕРІ» АТТЫ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ

05.12.2024

2024 жылдың 4 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі жанындағы «Білім» бейіні бойынша 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 01130100 «Логопедия» мамандықтары бойынша республикалық оқу-әдістемеслік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл бұзылыстарының алдын алу және диагностикалау әдістері» атты қалалық семинар-практикумы өтті. Негізгі мақсат – балалардың тіл бұзылыстарының алдын алу жұмыстарын жүргізуде заманауи тиімді диагностикалау әдістерімен таныстырып, практикалық дағдыларды дамыту. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Ұлттық Құндылықтар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы өз алғы сөзінде іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Семинар  барысында логопедия негіздері пәнінің оқытушысы Искакова Бақыт Жарматайқызы «Логопед маманның тәжірибелік әрекетінде заманауи логопедиялық технологияларды қолдану» тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ Көкшетау қаласы №1 арнайы мектеп-интернатының логопед маманы Каппасова Айару Берікқызы «Баланың сөйлеу тілінің деңгейін тексеру әдістері» тақырыбында өз жобасымен бөліссе, Көкшетау қаласының №4 арнайы мектеп-интернатының логопед-мұғалімдері Нурушева Жулдыз Негметолловна, Мартыневская   Валентина  Александровна есту қабілеті бұзылған балаларды оқытатын мектептерде мұғалім-логопедтердің атқаратын қызметі және қолданатын әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, практикалық жұмыстарын көрсетті. Өңір орталығындағы «Айша» бөбекжайының логопед маманы Аулабаева Балдырған Ойратовна «Тіл кемістігі бар балаларды логопедиялық диагностикадан өткізу» тақырыбында балалардың тіл бұзылыстарының алдын алу жұмыстарын жүргізуде заманауи тиімді диагностикалау әдістерімен таныстырса, «Логопедия» мамандығының студенті Хумар Гүлфаруза Бахытжанқызы «Тәтті артикуляциялық жаттығулар» тақырыбында практика кезінде жинақтаған іс-тәжірибесін ортаға салды. «Логопедия» мамандығының студенті Дюсембекова Фарида Амангельдиевна зондтар арқылы беттің бұлшық еттерін босаңсыту және сөйлеуді жақсарту әдістерін көрсетсе, «Арман» бөбекжайының логопед мамандары Алгужина Гульмира Аблановна, Нуркеева Айгуль Сериковна «Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың ақауларын анықтау жолдары» тақырыбында  теориялық және практикалық тұрғыдан іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар «Логопедия» мамандығының студенті Бауыржанқызы Айша «Р» дыбысын машықтандыру» тақырыбында топшамен жұмыс түрін жүргізді. Семинар соңында Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің әдіскері Әдият Жансая Қанатқызы PADLET тақта әдісі арқылы қорытынды рефлексия жасады.

Просмотров: 631


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст