АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Студенттерге арналған психологиялық тренингтер ұйымдастырылды

03.03.2021
Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым – қатынасқа, коммуникативті және кәсіби біліктілікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және оқыту әдістерінің жиынтығы. Онлайн білім беру жүйесінен дәстүрлі форматқа ауысып, колледж өмірімен етене араласып келе жатқан студенттер арасында тренингтерді жүргізудің маңызы зор. Тренинг студенттерді саналы жұмыс түріне баулиды: қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыру, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады. Осы орайда Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде әлеуметтік психологтардың ұйымдастыруымен «Сыр сандық», «Шеңбер бойынша фраза», «Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау» тақырыбында тренингтер өткізілді. «Жан сыры» психологиялық кабинетінде колледждің 1-курс қолданбалы бакалавриат топтарымен өткізілген тренингтердің мақсаты: студенттердің арасында сыйластық, кішіпейілділік, сенімділік деңгейін арттыру, достық қарым-қатынас орнату, бір-бірін жақсы тани білу, жалпы ортаға бейімдеу, ауызбіршілікті нығайту, өмірге жағымды қатынас дағдыларын қалыптастыру. Бұл жаттығуды орындау барысында топтағы жалпы жағдай жақсарады, топ мүшелері өздерін еркін сезінеді, қарым-қатынастағы алшақтық азая түседі, дұрыс сәлемдесуге, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және басқаларды тыңдай білуге үйренеді. Тренинг барысында студенттер ашылып,өздерін жақсы сезініп, өз пікірлерін ортаға сала білді.
Просмотров: 234


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст