АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ГЕЙМИФИКАЦИЯ – ОҚУДА ОЙЫН ДИЗАЙНЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ЖАСАУ» АТТЫ КОЛЛЕДЖІШІЛІК СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ

28.11.2024

Ағымдағы жылдың 26 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің 2024-2025 оқу жылындағы ғылыми-педагогикалық тақырыбы: «Педагог тұлғасын қалыптастыруда сапаны қамтамасыз ету: әлімдік тәжірибе негізінде цифрлық құзіреттілікті дамыту жолдары» аясында «Білім берудегі геймификация – оқуда ойын дизайны элементтерін қолдану және пәнаралық интеграция жасау» атты колледжішілік семинар-практикумы өтті. Оқу бөлімі мен «Информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға әдіскерлер, бөлім меңгерушілері, кафедра жетекшілері, колледж оқытушылары және жас мамандар қатысты. Негізгі мақсат – білім беру процесінде геймификация құралдарын қолдану арқылы студенттердің оқуға деген белсендігін арттыру, пәнаралық байланыстарды күшейте отырып, оқыту тиімділігін жақсарту. Теориялық бөлім барысында оқу бөлімінің меңгерушісі, педагог-модератор Балдыкова Гүлден Тұрлыбекқызы  геймификация элементтерін оқу процесінде қолдану және пәнаралық интеграция жасаудың тиімді жолдарын атап өтсе, директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары, педагог-зерттеуші Ілияс Данагүл Нұртайқызы оқу процесінде қолданылатын интербелсенді әдістер мен мультимедиялық технологиялардың маңызын ұғындырды. Сонымен қатар «Педагогика және  психология» кафедрасының жетекшісі, педагог-сарапшы Әміржанова Гүлмира Қайыржанқызы мен информатика пәнінің оқытушысы, педагог-модератор Жәнібеков Маралбек Батырбекұлы «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемелері пәндерінде GIMKIT платформасын қолдану» тақырыбында сөз алса, «Шетел тілі» кафедрасының жетекшісі, педагог-модератор Амангелді Газиза Габдул-Манаповна мен информатика пәнінің оқытушысы, педагог-сарапшы Қамалиден Айгерім Сағындыққызы ағылшын тілі сабақтарында мәтінмен жұмысты ANIMAKER веб-сервисімен меңгерту жолдарына талдау жүргізді. Сондай-ақ колледж әдіскері, педагог-модератор Мендыбаева Айжанар Нұрланқызы мен «Тіл және әдебиет» кафедрасының жетекшісі,  педагог-модератор Қайыржан Тлек Сағындыққызы тіл мәдениетін қалыптастыруда JOYTEKA платформасының тиімділігін нақтыласа, «Информатика» бөлімінің меңгерушісі, педагог-модератор Ғалымжан Еркебұлан Көлбайұлы мен «Әлеуметтік-жаратылыстану пәндер» кафедрасының жетекшісі, педагог-модератор Сапабекова Диана Ораловна «Биология сабағында ZYGOTEBODY платформасы арқылы 3D  анимацияларды қолдану» тақырыбындағы тәжірибесімен бөлісті. Семинар-практикум барысында дирижерлеу пәнінің оқытушысы, педагог-сарапшы Таткенова Сауле Кайратовна қатысушыларға арналған «Австралиялық жаңбыр». «Турецкий марш» тренингін өткізіп, айрықша көңіл күй сыйлады. Информатика пәнінің оқытушысы Садвакасова Сания Уалиқызы мен хореография пәнінің оқытушысы Азим Айгерім Серікқызы «Қазақ биінің негізгі бес элементтерін WORDWALL платформасында меңгеру» тақырыбында сөз алса, «Дене мәдениеті» кафедрасының жетекшісі Садвакасов Айбек Серикович пен информатика пәнінің оқытушысы, педагог-модератор Атай Сабыржан Құрманұлы дене тәрбиесі әдістемесінде EDUPLAY платформасын пайдалану мүмкіндіктерін айқындады. Сондай-ақ оқу бөлімінің меңгерушісі, педагог-модератор Балдыкова Гүлден Тұрлыбекқызы мен информатика пәнінің оқытушысы, педагог-модератор Өтепбай Досай Жұмаханұлы нейрожелі: CHATGPT, жасанды интелекттерді мектепке дейінгі әдістемелерде қолдану мүмкіндіктерін сарапқа салды. Қатысушылар іс-шара барысында «BILIM ILIM»  ойынын ойнап, практикалық бөлімінде «Коллаборативті ортада ойын платформаларын қолдана отырып тапсырма құрастыру» тақырыбында топшамен жұмыс істеді. Семинар-практикум соңында рефлексия жүргізіліп, диалог алаңы құрылды.

Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст