Ақпан айының 26 күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 2021 жылдың «Үздік топ жетекшісі» анықталды. Байқау барысында топ жетекшілерінің тапқырлығы, білімділігі және ұйымдастырушылық қабілетін жоғары деңгейде көрсету – қатысушыларға қойылған негізгі талаптардың бірі болды. Бұл додаға колледж бойынша іріктелген 7 топ жетекшісі қатысты. Атап айтсақ, Мектепке дейінгі бөлімнің 2-курс, МД-22 ҚБ тобының жетекшісі Серікбай Индира Сағдатқызы, Дене мәдениеті бөлімінің 4-курс, Дм-41 тобының жетекшісі Садвакасов Айбек Серікұлы, Бастауыш мектеп бөлімінің 4-курс, БМ-21 тобының жетекшісі Секенова Балкүміс Байжанқызы, Музыка бөлімінің 1-курс, М-11 тобының жетекшісі Төлеубай Бахтияр Еркінұлы, Филология бөлімінің 3-курс, ФБ-31 тобының жетекшісі Жабагинова Майра Қанапияқызы, Ағылшын бөлімінің 3-курс, А-33 тобының жетекшісі Шайхыгалиев Ербол Аманжолұлы, Информатика бөлімінің 2-курс, И-21 тобының жетекшісі Атай Сабыржан Құрманұлы.
Білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, шығармашылықпен айналысатын жаңашыл топ жетекшілерін анықтау және қолдау көрсету мақсатымен ұйымдастырылған іс-шара төрт кезең негізінде ұйымдастырылды: таныстыру, тәрбие сағатынан үзінді (бейнеролик көрсету), ситуациялық сұрақ, топ жетістіктерінің портфолиосы. Төрт кезең бойынша үздік нәтиже көрсеткен ФБ-31 тобының жетекшісі Жабагинова Майра Қанапияқызы «Үздік топ жетекшісі» атанды. БМ-21 тобының жетекшісі Секенова Балкүміс Байжанқызы I орын, А-32 тобының жетекшісі Шайхыгалиев Ербол Аманжолұлы II орын, И-21 тобының жетекшісі Атай Сабыржан Құрманұлы III орын иеленді.