2024 жылдың 21-22 қараша күндері аралығында Маңғыстау облысының білім басқармасы және Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің ұйымдастыруымен өткен көрнекті ғалым, қазақ мифологиясының негізін қалаушы, артына мол мұра қалдырған Серікбол Қондыбайдың шығармашылығына арналған «С.Қондыбай мұралары: әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар контекстінде» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Хамзина Диана Жанатовна қатысты. «Серікбол Қондыбай және оның Қазақстан тарихындағы рөлі» атты тақырыбындағы мақаласы арқылы педагог Ақтау қаласына шақырту алды. Конференция нәтижесіне сәйкес арнайы сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз! Биіктен көріне беріңіз!