Текст
2024 жылдың 21-22 қараша күндері аралығында «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жоғары құрылыс технологиялық колледжінде Ақмола облысы бойынша «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық жиыны өтті. Атаулы іс- шарада Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің құрама командасы жалпы есепте жүлделі ІІ орынға ие болды. Жеке әскери спорт түрлерінен арқада жатып денені көтеруден ДМ-21 тобының студенті Бабаева Фариза І орынға ие болса, автоматты шашып жинаудан І орынды ДМ-31 тобының студенті Жукенова Гульназ иеленді. Құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік болсын!