22.02.2021
2021 жылдың 19 ақпанында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК ұйымдастыруымен «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектепте оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. ZOOM платформасы арқылы өткен семинар колледж директоры Ахат Нұртас Ахатұлының алғы сөзімен басталды. Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботагоз Балапайқызы құттықтау сөз сөйлеп, Ақмола облысындағы шағын жинақты мектептер туралы ауқымды ақпарат беріп өтті. Пленарлық мәжілісте Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының шағын жинақты мектептерді дамыту орталығының директоры Құдайберген Гүлнұр Серікқызы республикадағы шағын жинақты мектептер бойынша енгізілген жаңалықтар және тың мәліметтермен бөлісті. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Әлеуметтік және жасерекшелік педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Зұлқарнаева Жамила Амангелдіқызы, Көкшетау қаласы "Педагогикалық шеберлік орталығы" филиалының аға менеджері, педагогика және психология магистрі Пазылова Гульмира Шойгариновна "Жаңартылған білім беру мазмұны аясында шағын жинақты мектептерді әдістемелік қолдау" тақырыбында, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ», жаратылыстану-гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Әлкенова Ботагөз Хамзақызы «Шағын жинақты мектепті басқару: қазіргі жағдайы және даму болашағы» тақырыбында баяндама оқыды.
Қазақтың ағартушы ғалымы – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада колледжіміздің оқытушысы Төлеген Өмірбек Шаймұратұлы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы мен бүгінгі білім беру жүйесіндегі маңызына тоқталды. Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылайхан орта мектебінің тарих пәнінің оқытушысы Калиева Назым Нусупханқызы «Ы.Алтынсарин еңбектеріндегі рухани-адамгершілік тәрбиесі» тақырыбында өй бөлісті.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің математиканы оқыту әдістемесі пәнінің жоғары санатты оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, «Ы.Алтынсарин», «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерінің иегері, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі – Төлеген Өмірбек Шаймұратұлына 60 жыл толуына орай пленарлық отырыс соңында «Ұстаз-ұлағаттың бастауы» атты көрмесінің таныстырылымы өтті. Семинар-практикум колледжіміздің білікті маманы Төлеген Өмірбек Шаймұратұлының «Бастауыш мектептегі математиканы оқыту әдістемесі» оқулығының тұсаукесерімен жалғасты.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы, 010105 1 «Тәрбиелеушінің көмекшісі» жұмысы біліктілігі бойынша кәсіптік құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталған 5 модульден тұратын «Кәсіптік құзіреттілік алаңы» №110 дәрісхананың ашылу салтанаты өтті.
Ақмола облысындағы шағын жинақты мектептердің басшылары, әдіскерлері, мұғалімдерінің қатысуымен өткен секциялық отырыста «Шағын жинақты мектептерде педагогикалық және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мәселелері», «Шағын жинақты мектеп: ресурстық орталықтар жұмысын ұйымдастырудың өзекті мәселелері» бойынша бірқатар баяндамалар, зерттеу жұмыстары таныстырылып, өзара іс-тәжірибе алмасты.