АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 8 қарашасы күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім алатын МД-21 тобы, яғни ІІ курс студенттері өңір орталығындағы «Айша» бөбекжайында педагогикалық практикасынан алған тәжірибелерімен бөлісу мақсатында «Оқыту әдістемелері мен технологияларын, тәрбие мен білім беру процесінің нысандарын, әдістері мен тәсілдерін қолдану» атты қорытынды практикасын өткізді. Конференция барысында студенттер колледждегі оқу практикасында алған білімдерін тәжірибеде қолданып, кәсіптік практикада жинақтаған тәжірибелерін тәрбиеші-педагогтермен іс-жүзінде көрсетіп, мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын оқыту әдістемелері мен технологияларын, тәрбие мен білім беру процесінің нысандарын, әдістері мен тәсілдерін қолдану мәселелеріне тоқталып, талқылады. Атап айтсақ, «Нейрожаттығу түрлері және жұмыс жасау үлгісін тәрбиеші-педагог Амиржанова Зауре Женисовна мен машықтанушы Манат Айсара, Оралбай Алина Оралбайқызы, тәрбиеші-педагог Курманаева Айгерім Серікбаевна және «Мектепке дейінгі» бөлімнің ІІ курс студенттері Төлеген Аружан Сабыржанқызы мен Төлебай Ділназ Тасбулатқызы «Ойыншықтарды жуу ережелері» тақырыбында сөз алып, тәжірибеде көрсетті. «Ұйқыдан кейінгі жаттығуларды өткізу ерекшеліктері» тақырыбында тәрбиеші-педагог Рахымтай Жадыра Саматовна мен МД-21 тобының студенттері Орал Назым Арманқызы, Нұрақай Айғаным Мерекеқызы «Қазақ ертегілерін жаңа әдістер мен инновациялық технологияларды пайдалану арқылы көрсету» тақырыбында педагог-тәрбиеші Баязитова Индира Жақсылыковна және МД 21 тобының студенттері Темірбек Меруерт Тлектесқызы, Сәрсембай Еркежан, сондай-ақ «Балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылып, өткізілетін қимыл-қозғалыс ойын түрлері» тақырыбында тәрбиеші педагог Нурбаева Анар Азаматовна мен машықтанушы студенттер Нурлан Акерке Қуанышқызы, Темірбек Меруерт Тлектесқызы сөз алып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Студенттердің кәсіптік практика барысында жинақталған шығармашылық бумалары таныстырылып, жасалған дидактикалық өнімдері көрсетілді. Тәрбиеші-педагог Тилеубай Мейрамгүл «3 Қ» әдісін қолдану арқылы конференцияның рефлексиясын жасап, директордың практика бойынша орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы, практика әдіскері Балдыкова Гүлден Тұрлыбекқызы студенттердің алған тәжірибелеріне жеке-жеке тоқталып, конференция соңында тәжірибе барысын қорытындылай келе, «Айша» бөбекжайы ұжымы мен студенттерге алғыс білдірді.