АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 6 қарашасында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бастауыш сыныптарда білім беру» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola-2025» аймақтық чемпионатына қатысушыларды іріктеу мақсатында байқау өткізілді.
Байқау шарттарына сәйкес төмендегідей 3 модуль тапсырмасы ұсынылды:
1-тапсырма: А модулі. Интерактивті жабдықты пайдалана отырып, оқу пәндерінің бірінде бастауыш сыныптарда сабақтың үзіндісін (жаңа білімді ашу кезеңі) әзірлеу, әдістемелік қамтамасыз ету және өткізу.
2- тапсырма: В модулі. Эстетикалық, экологиялық, адамгершілік бағыт бойынша сыныптан тыс іс-шара презентациясын әзірлеу.
3- тапсырма: С модулі. Мұғалімнің жеке сайтын құру.
«Бастауыш сыныптарда білім беру» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola-2025» колледжішілік чемпионатына қатысушылары берілген тапсырмаларды тек қана көрсетілген бағыт бойынша емес, өз ойларын, өз қиялдарын жетік қолданып, сабақ барысында алған әдістемелік білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Кезеңге байланысты уақыт беріліп, сол уақытты тиімді пайдалана алды. Әр модуль бойынша өздері жасаған жұмыстарын қорғап, бастауыш сыныптарды оқыта алатын маман иесі екенін дәлелдей білді.
Байқау жеңімпаздары чемпионаттың жабылу салтанатында жарияланады.