АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2024 жылдың 5 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Бастауыш сыныптарда білім беру» құзіреттіліктері бойынша «WORLDSKILLS – 2025» КОЛЛЕДЖІШІЛІК ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ашылу салтанаты өтті. Чемпионат мақсаты – еліміздің экономикалық дамуға үлес қосатын орта буын мамандарының қызметін жастар арасында кеңінен насихаттау, кәсіби педагогикалық мамандықты таңдаған білім алушыларды кәсіби шеберлігі мен тұлғалық ерекшеліктерін шындауға бағыттау. Колледж директорының міндетін атқарушы Ілияс Данагүл Нұртайқызы чемпионат маңыздылығын баса айтса, практика жұмысы бойынша орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы білім жарысына қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Worldskills – 2025» колледжішілік чемпионатына қатысушылар:
МД-31 тобының студенті Бекпаева Милана Бериковна;
МД-31 тобының студенті Каржауова Жасмин Талгатовна;
МД-31 тобының студенті Жексен Гүлмира Асылбекқызы;
МД-41 тобының студенті Сәлімкерей Ақгүлім Айбекқызы;
МД-41 тобының студенті Ғалымбай Гүлназ Нұрлыбекқызы;
МД-41 тобының студенті Есдаулетова Айжан Салтанатовна;
БМ-21 тобының студенті Ербай Гүлзада Бердімұратқызы;
БМ-31 тобының студенті Айтмағанбетова Әсемгүл Серікбаевна;
БМ-31 тобының студенті Сәбит Жұлдыз Нұралықызы;
БМ-31 тобының студенті Төлеутай Анель Медетқызы;
БМ-41 тобының студенті Жаркина Гульнур Абаевна;
БМ-42ҚБтобының студенті Косанова Карина Калихановна.
Қатысушыларға «WorldSkills–2025» колледжішілік чемпионатының бағдарламалары табысталды. 6-шы қараша күні өтетін «Worldskills – 2025» колледжішілік чемпионаты қатысушыларына сәттілік тілейміз!