АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының жалпы жиналысының 2020 жылғы 27 қарашадағы шешімімен, №7 хаттамасына сәйкес Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшелігіне сайланды. Ағымдағы жылдың 16 ақпанында директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева, директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Д.Ілияс, колледж әдіскері А.Смаилова, Мектепке дейінгі бөлімнің меңгерушісі С.Әміроваға мүшелік дипломдары салтанатты түрде табыс етілді.
Сонымен қатар, 2021 жылы педагог қызметкерлерді аттестациядан өткізудің жаңа жүйесі негізінде колледжіміздің 24 оқытушысы біліктілік санатын алды. Соның ішінде, 9 оқытушы педагог-зерттеуші, 8 оқытушы педагог-сарапшы, 7 оқытушы модератор біліктілігіне ие болды. Барлық оқытушыларды аталған жетістіктерімен құттықтаймыз!