15.02.2021
2021 жылдың 12 ақпанында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі Бурабай ауданының білім бөлімінің Абылайхан орта мектебінің оқытушылармен педагогикалық байланыс орнату мақсатында бірлескен «Жаңартылған білім беру негізінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар-практикум өткізілді. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің математиканы оқыту әдістемесі пәнінің жоғары санатты оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, «Ы.Алтынсарин», «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерінің иегері, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар академиясының мүшесі, Абылайхан ауылының тумасы, Абылайхан орта мектебінің түлегі – Төлеген Өмірбек Шаймұратұлына 60 жыл толуына орай аталмыш мектеппен педагогикалық байланыс орната отырып, бірқатар жұмыс түрлері атқарылды. Мектеп ұжымына Төлеген Өмірбек Шаймұратұлының жуырда жарық көрген «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі» еңбегі тарту етілді.
Семинар-практикум барысында колледжіміздің оқытушылары тарапынан шеберлік сағаттары өткізіліп, өзара тәжірибе алмасты. Атап айтсақ, информатиканы оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы С.Сәдуақасова 5-сыныптарда «Роботтың сызық бойымен қозғалысы» тақырыбында, қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің оқытушысы Қ.Мұқышева 2-сыныпқа «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» тақырыбында, музыка пәнінің оқытушысы Ә.Заманбекова 4-сыныпта «Музыкадағы табиғат құбылыстары» тақырыбында, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Көке 9-сыныптарда «Футзал. Жеке, топтық, командалық тактикалық әрекеттер» тақырыбында, мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің оқытушысы С.Әмірова «Балдырған» шағын орталығында «Монтессори технологиясын ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.
Семинар-практикум бағдарламасына сәйкес «БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ САБАҚТАСТЫҚ» атты диалог алаңында колледж директоры ф.ғ.к. Н.Ахат, директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Ә.Рақымжан, директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Б.Батанасова мектеп мұғалімдерімен заманауи білім мен ғылым бағытындағы өзекті мәселелер бойынша өзара талқылау жұмыстарын жүргізді. Ақмола облысы, Бурабай ауданы білім бөлімінің
«Абылайхан атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесімен және Бурабай білім бөлімімен үшжақты ынтымақтастық меморандумға қол қойылды. Колледж тарапынан мектеп оқушыларына арнап бірнеше дзюдо спорт түріне арналған кимоно киімдері, волейбол доптары, оқытушылардың әзірлеген көмекші құралдары сыйланды. Семинар-практикум жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бурабай ауданы білім бөлімінің басшысы Төлегенов Жангелді Мейрамұлына және Абылайхан орта мектебінің басшысы Қалиев Дидар Досымжанұлына, мектеп ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз.