АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН СЕССИЯСЫ

01.11.2024

2024 жылдың 1 қараша күні Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты офлайн-онлайн форматта кеңейтілген сессиясы өтті.  Кеңейтілген сессия аясында «Білім және қоғам синтезі: инновациялар және заманауи аспектілері» тақырыбында Халықаралық ҒПК және Академияның кезекті сессиясы ұйымдастырылды. Академия құрудағы басты мақсат – үздіксіз білім беру жүйесінің және педагогика ғылымының дамуына барынша қолдау көрсету. Осы мақсатта біршама жұмыс атқарылды. Академия бірнеше шет елдің білім мекемелерімен ынтымақтастық қатынаста жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Академия құрамында 500 жүзге жуық академиктер, корреспондент-мүшелер, құрметті академиктер, шетелдік мүшелер бар және 200-ден аса ұстаз Академияға мүше болып сайланған.  Атап айту керек, бұл құрамда Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінен корреспондент-мүше мен Академия мүшесі атанған оқытушылары бар. Яғни, колледж басшысы Ахат Нұртас Ахатұлы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, PhD доктор Рақымжан Оралсын Қалиқайдарқызы корреспондент-мүшесі және 13 педагог Академия мүшесі ретінде қабылданған. Осыған орай, осы оқытушылар да маңызды іс шараға қатысты. Академия ғалымдары елімізде Салыстырмалы педагогика (СП) ғылымының негізін салды. Оқулық жасау теориясын жазып, Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығымен бірге, оқулық сапасын анықтайтын критерийлер жүйесін жасады. Алдағы уақыттарда Академия мүшелері ауқымды бағыттар бойынша өз жұмыстарын жалғастырып, басқа да ҒЗЖ мен әлеуметтік маңызды жобалар жүргізетін болады.

Просмотров: 333


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст