08.02.2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қадам басты. Осы айтулы мерекеге орай Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Тәрбие бөлімі тарапынан бірқатар іс-шаралар жоспарланды. Ағымдағы жылдың 5 ақпанында топ жетекшісі Қ.Назарованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тірегім!» атты тәрбие сағаты өтті. Филология бөлімінің ІІ курс студенттерімен ZOOM платформасы арқылы өткізілген іс-шарада ел Тәуелсіздігі жолында құрбан болған талай боздақтардың тағдыры, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаммеджанова, Ербол Сыпатаевтардың ерлігі баяндалды. Азаттықтың таңы атып, жылдан жылға гүлденіп келе жатқан елімізге, тәуелсіздікке арналған өлең жолдары оқылды. Шарада студенттер күй тартып, жүрек тебірентерлік жырлар оқып, викториналық сұрақтар қойып өз өнерлерін ортаға салды. Шара соңында топ жетекшісі Қ.Назарова өз пікірімен бөлісті.