2024 жылдың 17-18 қазан күндері аралығында Абай облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы негізінде «Тәуелсіз зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментімен бірге республиканың жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Абай сөзі – әділдік темірқазығы» атты зияткерлік ойынын өткізді. Негізгі мақсаты – Хакім Абайдың өмірі мен шығармашылығы арқылы адалдық, әділдік, парасаттылық сынды қасиеттерді жастардың бойына сіңіру, қатысушыларды бірлікке, өзара қолдау мен ынтымақтастықты дамыту, интеллектуалды орта құру. Аталмыш іс-шараға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Мусин жастары» командасы қатысты. Әдеби QUEST ойыны барысында «Күшікбай асуы», «Мұхтар Әуезов мүзей үйі», «Сырт-Қасқабұлақ», «Еңлік-Кебек», «Абайдың музей үйі» атты бекеттерде тапсырмалар жасырылып, әр дұрыс жауап үшін ұпай берілді. Зияткерлік ойын «Қазақша QUIZ» ойынымен аяқталды. Нәтижесінде І Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы зияткерлік ойынына қатысқаны үшін АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды.