02.02.2021
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы жанындағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің 100 жылдығы және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай және адамзаттық құндылықтар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің IV курс студенті Олжабаева Ақерке Табиғатқызы «Абайдың білім, ғылым туралы ойларының бүгінгі күнгі маңызы» атты тақырыпта баяндама жасады. Жетекшісі: педагогика пәнінің оқытушысы Секенова Балкүміс Байжанқызы.
Мақалада қазақтың ұлы ойшыл ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың әлемдік мәдениеттегі орны мен рөлін талқылау үшін диалог алаңын құрып, тұлғаның өз халқының мәдениетін, өнерін, білімін дамытуға әсері туралы мәселелер қарастырылды. Абай үшін дүниенің басты құндылығы – рухани тұрғыдан кемелденген «толық адам» ілімінің маңыздылығы ашылды. Ақынның мол мұрасын бүгінгі оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану жолдары айқындалып, Абай шығармаларындағы ұлттық құндылықтардың тәлім-тәрбиелік маңыздылығы талданды.
Ғылыми-практикалық конференцияның нәтижесінде Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы жалпы адамзаттық мәселелер қарастырылып, оның дүниетанымындағы рухани құндылықтарды зерделеу алға мақсат ретінде қойылды.