29.01.2021
2021 жылдың қаңтар айында Мектепке дейінгі бөлімінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы білім бөлімінің №2 орта мектеп-лицейінің оқушыларымен ZOOM платформасы арқылы онлайн конференциясы өтті. Мектептің бітіруші сыныптарына оқу орнына қабылдау талаптары, биылғы жылы енгізілген өзгерістер туралы толық ақпарат берілді. Кездесу барысында оқушылар жалпы өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, колледждегі мамандықтар, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейлері т.б. бірқатар мәліметтер алды.